Көне шаһар күн сайын жандануда. Таразда тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылып, көшелердің келбеті айтарлықтай жақсарып, көрік пен сән кіре түсті. Сәулеттік кешенді дамыту бағытындағы жұмыстар биылда қарқынды жалғасуда. Тіпті өткен жылмен салыстырғанда бөлінген қаражатта екі есеге көбейген. Қазір жауаптыларда жұмыс, тұрғындарда үміт көп.