Жамбылда жоғарғы оқу орынына түсемін деген талапкерлерге барлық жағдай жасалып отыр. Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов бүгін Тараз өңірлік университетін аралап, қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты. Биыл оқу орнына 4000 мыңға жуық талапкер қабылданады деп күтілуде.