Тараздағы Төле би, Тұрысов көшелерінің бойындағы М-1 жылу магистралін қайта жаңғырту жалғасуда. Құбыр аусытыру басталғалы қалада қозғалыс қиындағандықтан, тұрғындар құрылыс тезірек аяқталса екен , - дейді. Бірақ, жауаптылар алдағы айларда жолдар жабылып, тағы бір жылу желісінің жұмысы басталатындығын жеткізді. Жалпы шаһардағы жылу желісін жаңғырту қашан аяқталады? Қыс ерте түссе Жамбылдықтар жылусыз қалмай ма?