Мемлекет басшысының Жолдауында студенттердің сапалы білім алуына жағдай жасалуы тиіс делінген. Осыған байланысты оқу ақысын өтеу үшін мөлшерлемесі аз несие беру тетіктері қарастырылып, жоспарлану жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жаңалық заң жүзінде іске асса, елімізде қаншама жастар армандаған жоғары оқу орнында білім алар еді.